Хабар телеарнасы

Таразда жыл басынан бері 7 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен

Олардың бірі қаза болса, қалғандары әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Жалпы соңғы 3 жылда мұндай 46 дерек тіркелген. Осыған байланысты төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері күнделікті рейд жүргізуде. Ал қала әкімдігі болса, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың үйіндегі терезелеріне бұғаттаушы темір орнатпақшы.

Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Бүгінгі таңға дейін 525 көпқабатты үй араланып, 15 мыңнан аса жадынамалар таратылды. Ұялы байланыс операторларымен де бізде келісімшарт бар. Келісімшартқа сәйкес ұялы операторлар арқылы да осындай қауіпсіздік ережелері жіберіліп отырады.