Хабар телеарнасы

Ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамту керек

Ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамту мәселесі де өзекті. Осы ретте Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниклық университетіне биыл 5 мыңға жуық білім гранты бөлінген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Агроном, орман шаруашылығы, жер ресурстарын басқару, техникалық және басқа да мамандықтар бойынша кадрлар даярланып келеді.

Дәулет Тұрлыханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Осы Қазақстан жерінде ауыл шаруашылғы дамуы керек. Ауыл шаруашылық мәселесі біздің бәрімізді толғандырады. Ертеңгі күні осы мамандар өзінің еңбегін сіңдіріп, астық, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарын ілгерілетіп, азық-түлік проблемасын толықтай жабуына тілектеспін.