СҚО-дағы жылқы өлексері жойылды
Солтүстік Қазақстан облысында аштан қырылған жылқылардың өлекселері санитарлық талап бойынша отқа жағылды. Ветеринарлардың айтуынша, Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарында бас-аяғы 200-ден астам жылқы аштан өлген. Қазір жоғалып кеткен үйірлері іздестіріліп жатыр. Ал тұрғындарға басқа аудандардан көмек ретінде жем-шөп жеткізілді. Жалпы облыста 135 мың бас жылқы бар.
Аманжол Нұртазин, ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:
-Уәлиханов ауданы аумағында 172 жылқының өлексесі табылды. Оның 10-ы Уәлиханов ауданының тұрғындарына тиесілі жылқылар. 18-і Ақжар ауданына қарасты тұрғындарының жылқылары. Қалғандары Ақмола және Павлодар облыстарына тиесілі жануарлар.