Хабар телеарнасы

Сарапшы: АЭС саласына мамандар дайындауға негіз бар

Елімізде атом энергетика саласына мамандар даярлауға негіз бар. Алматыдағы Ғұмарбек Дәукеев атындағы энергетика және байланыс университеті келесі жылдан бастап Ядролық физика институмен бірігіп кадр дайындайды.

Ғалымдардың айтуынша, атом электр станциясын салу – елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді. Энергетика саласын әртараптандырады. Экспорттық әлеуетті кеңейтеді. Инвестиция тартады. Жоғары технологиялық салалардың дамуына мүмкіндік береді. Бастысы – атом энергетикасы атмосфераны ластамайды. Парниктік газдар шығармайды. Топырақты бүлдірмейді.

Андрей Кибарин, техника ғылымдарының кандидаты:

- 1960 жылдан бері біздің жоғары оқу орны энергетика саласына 10 мыңнан астам маман дайындады. Әрине, атом энергеткасының өзіндік ерекшелігі мен талабы бар. Атом электр станциясы мұнай мен газға деген тәуелділікті азайтады. Қазір үрейленіп, қорқа бермей, оны  салу мен қолданудың нақты тиімді тұстарын қарастырған жөн.