Мамандар ғаламторда қауіпті онлайн ойындардың көбейгендігіне алаңдаулы
Жыл басынан бері суицид сипатындағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталған. Мамандар қазір ғаламторда қауіпті онлайн ойындардың көбейгендігіне алаңдаулы. Оған себеп те жоқ емес. Ішкі істер министрлігінің өкілдері де кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналарды бала тәрбиесіне мұқият болуға шақырып отыр. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 68 мыңнан астам кездесу өткізген. Психологтардың айтуынша, кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауына себептер әр түрлі. Көбіне кездесетіні - өзін жалғыз сезіну, ата-ана немесе туыстарымен жанжалдасу, оқудағы ұрыстар, жазаланудан қорқу.
Шыңғыс Алекешев, ІІМ ресми өкілі:
-Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу қажет. Интернетте қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретіңіздер. Балалар әлеуметтік желілерде немесе онлайн-ойындарда кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі қажет.