Хабар телеарнасы

Жетісу облысында референдумға дайындық пысықталды

Жетісу облысында 6 қазанда 463 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Таңдау нысандары тиісті құралдармен жабдықталып, сақадай сай тұр. Референдумның заңға сай өтуін 1200-ден аса қоғамдық байқаушы қадағалайды. Айта кетейік, аймақ бойынша 442 мыңнан аса адам саяси науқанға қатысу құқығына ие. Олардың 26 мыңға жуығы Көксу ауданында тұрады.

Нұрлан Байғабылов, Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:
-Бізде 38 учаске бар. Оның ішінде екі отгондық учаске бар. Малайсары және Қақпақты. Екі жабық учаскесі бар. Ол аудандық аурухана және аудандық полиция бөлімі. Қазіргі таңда учаскелік сайлау комиссиялары толыққанды референдумға дайын.