Хабар телеарнасы

Референдум – ел дамуының көрсеткіші

Тәуелсіздік алғалы референдум елімізде 4-ші рет өткізіліп отыр.

Алғаш рет 1995 жылы екі жалпыхалықтық референдум өтті. Бірінші науқан 29 сәуірде жүзеге асып, сол кездегі Президенттің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Екіншісі – Ата Заңға қатысты.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда еліміздің қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Одан кейін араға 27 жыл салып, 2022 жылдың 5 маусымында Ата Заңға қатысты жалпыхалықтық референдум тарихымызда екінші рет өтті. Ал бүгінгі өткізіліп жатқан референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал қойылып отыр.