Хабар телеарнасы

Байқаушылар референдумда өз жұмысын бастады

Байқаушылар өз жұмысын бастады. Олар учаскелердің жұмысымен танысып, процесті жіті бақылап отырады. «Диалог- Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлия Әубәкірова елордадағы дауыс беру орындарының ашылуынан бастап қадағалауға кірісті.

Әлия Әубәкірова, «Диалог-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Учаскелердің уақытылы ашылуы - бірінші, екіншіден, дауыс берушілердің регистрациядан өтуі және дауыс беруі, дауыс берушілердің құқықтарының бұзылмауы, оның дұрыс болуы, бәрін қадағалаймыз. Егер дауыс берушілердің құқықтары шектеліп жатса, біз өзіміздің дайындалған топтамаларымыз бар. Соны толтырып, қажетті органдарға беріледі.