Сенатта Палата Бюросының отырысы өтті
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Жоғары Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 10 қазан күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті және Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру міндеттерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралды. Аталған заң нормалары екі елдің телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия және басқа да салалардағы бірлескен жобаларын іске асыруға арналған.
Сондай-ақ Сенат спикері республикалық референдумның қорытындысына да тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бұл оқиға Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске асырылған қадамдардың бірі. Референдумға қатысушылардың саны жоғары болғанын білесіздер. Референдум және Қазақстан халқының шешімі елімізді жаңа бір белестерге шығаратын қадам болады деп сенеміз.