Хабар телеарнасы

Сенатта отандық туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Елде туризмге салынып жатқан инвестицияның артуына қарамастан, саланың дамуын тежейтін бірқатар мәселе бар. Оны заңнамалық тұрғыда реттеу тетіктері Парламент Сенатында Палатаның Қоғамдық Жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысында талқыланды. Жиында туристік аймақтарда баламалы энергия көздерін, сумен жабдықтауды және «жасыл» инфрақұрылымның басқа да түрін пайдаланатын жобаларды қолдау үшін заңнамалық нормалар әзірлеу барысы сөз болды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осы істе шетелдердің тәжірибесін зерделеудің маңыздылығын айтып, жоғары палатаның қажетті заңнамалық өзгерістерді бірлесіп талқылауға дайын екенін жеткізді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елімізде туризмді дамытуға үнемі баса мән беріп келетіні белгілі. Осы бағытта тиісті органдарға нақты міндеттер жүктеді. Сенат осы іске өз үлесін қосу үшін нақты шараларды қолға алып жатыр.