Ақмолалық диқандар 6 млн тонна астық бастырды
Ақмолалық диқандар 6 млн тонна астық бастырды. Бұл рекорд. Егіннің орташа өнімділігі гектарына 13 центнерден болып тұр. Орақ науқаны әлі жалғасып жатқандақтан өнім түсімі артары анық. Ақмола облысына сапарлап барған ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруалармен кездесіп, егіс алқаптарын аралап, олардың жұмысына оң бағасын берді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-Уақытында қаржыландыру мәселесі шешілді. Бұрын ондай қаржыландыру болған жоқ. 140 млрд теңгеден аспайтын. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен 580 миллиард бөлінді. 3 есе көп. Бұл таза субсидиясыз 5% беріліп отыр. Шаруашылықтарға өте ыңғайлы.