Қостанайлықтар 5 млн 344 мың тонна астық жинады
Қостанайлықтар 5 млн 344 мың тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 13,2 центнерден айналған. Әулиекөл, Жангелдин, Науырзым аудандары орақты аяқтаған. Амангелді ауданы мен Арқалық қаласы бір-екі күнде тәмамдайды. Облыстың астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа егіннен 1 млн 106 мың тонна астық түскен. Оның 843 мыңы жұмсақ бидай. Қамбаға түскен астықтың 61% 3-сұрыпты бидай. 26%-ы 4-ші, 11%-і 5-ші сұрыпты өнім. Өңір 8,3 млн тонна астық сақтай алады. Оның 3 млн тоннасы элеватор, 5,3 млн тоннасы ауыл шаруашылығы құрылымдарында.