Түркістандағы «Рәміздер» алаңында көк ту көкке көтерілді
Бүгін Түркістандағы «Рәміздер» алаңында Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты жиында өңір басшысы Дархан Сатыбалды қала халқын құттықтап, бұл күн ұлт үшін жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың төгілген қаны мен ерлігінің өтеуі, асыл аналарымыздың ақ тілегінің жемісі екенін жеткізді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Сүлеймен Арыстанов, облыстық мәслихат депутаты:
-Егемендіктің келуі оңай болған жоқ, әрине. Дүние тұрғанша тұрсын, егемендігіміз. Сіздерді де құттықтаймын бүгінгі мерекемен.