Хабар телеарнасы

Абай облысында жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Абай облысындағы әбден тозығы жеткен 27 шақырымды құрайтын желі жаңарды. Оған бюджеттен 9,2 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Абай облысының әкімі мәлімдеді.

Өңір халқын алаңдатқан тағы бір мәселе – мектеп. Бүгінде өңірде 8 мың оқушыға орын жетіспейді. Биыл «Жайлы мектеп» жобасымен 4 мектеп салынып жатыр. 3 мектеп осы жылдың соңына дейін тапсырылады. Бұдан басқа, 6 мектептің жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Сондай-ақ экономиканың күретамыры саналатын республикалық маңызы бар жолдар да талай уақытта бері тоқтап тұрған еді. Биыл «Талдықорған – Өскемен» тасжолы қолданысқа беріледі. Осынау ақжарма жаңалықты халықтың күтіп жүргеніне біраз болған.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстағы тағы бір маңызды нысан – «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолы. Жолдың 184 шақырымы жақында қолданысқа беріледі. Бұл күрежол 2025 жылы толықтай аяқталады, - деп отырмыз.