Хабар телеарнасы

Банкроттық тығырықтан шығар жол ма?

18 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды. Олардың 54,5 млрд теңге қарызы кешірілген. Бұдан бөлек, 1 млн-ға жуық азамат банкрот деп танылудың шегінде тұр. Себебі олардың несиелері бір жылдан бері төленбеген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді. Өтініш берушілердің арасында Алматы, Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары басым. Өздерін банкрот деп жариялайтындардың дені ер адамдар екен. Алайда салдарына қарамастан өтініш берушілер әлі көп. Еске сала кетейік, банкрот деп танылған азаматтар бес жылға дейін банктерден және микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды және жеті жылға дейін банкроттық туралы қайта өтініш бере алмайды.

Меруерт Сисембаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:

-Жалпы орташа жас бұл жалпы 40-42 жастаға азаматтар екен. Енді әрине, үлкен адамдар да бар. 89 жастағы қария болған бізде, банкрот деп танылған және 18 жастағы жастар да беріп жатқаны бар. Өйткені біздің заңда қандай да бір шектеу жоқ, осы банкрот деп жариялауға өзін.