Атыраулық бағбан тропикалық павловния ағашын өсіреді
Атырау облысында тропикалық павловния ағашын жерсіндірген бағбан тұрады. Самат Ізмағамбетов өңірге осы ағаш түрін алғаш рет осыдан 3 жыл бұрын Түркістан облысынан әкелген. Бүгінде аумағы 5 гектар алқапта бұл өңірге таңсық, айрықша көшетпен бірге егілген жеміс ағаштары да өсіп келеді.
Павловния Шығыс Азияның тропиктік аймағында кездеседі екен. Қазақстанның тек оңтүстік өңірлерінде өседі. Енді атыраулық бағбан ағаштың жаңа түрін Атырауда жайқалтуды қолға алған. Жалпы Индер ауданында бағбандар қатары көбейіп келеді. Қазір ауданда 6 шаруашылық жеміс ағаштарын егумен айналысады. Олар 3-4 жылдан бері 18 гектар алқапқа алма, алмұрт, шие, өрік секілді жеміс ағаштарын егіп, өнім ала бастады.
Самат Ізмағамбетов, бағбан:
- Павлония ағашын бірінші жылы отырғызғаннан кейін кесіп тастайсың. Сонан келесі жылдары өседі. Ол материал. Алюминий сияқы майысқақ. Жеңіл өте. Сосын 3-4 жылдан кейін гүлдейді. Сосын оттегіні жақсы береді. Кәсібім жүріп кетсе, көмек алуға болады Үкіметтен. Бірақ ол үшін өзімді көрестуім керек қой, әлі игере алмай жатырмын жайлап-жайлап болады.