Еліміз әлемде сирек кездесетін металдар өндірісіне күш салады
Қазақстан әлемде сирек кездесетін металдар өндірісіне күш салады. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов саланы дамыту жөнінде кеңес өткізді. Премьер-министр геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін отандық ғылыми-зерттеу институттары мен өндірушілерге қолдау көрсетілетінін айтты. Қажетті жағдай да жасалады. Айта кетейік, қазір Қазақстанда бериллий, скандий өндіретін әлемдегі толық циклді үш зауыттың бірі, сондай-ақ тантал мен ниобий өндіретін жаһандық төрт өндірістің бірі орналасқан. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, еліміздің металлургия зауыттарында висмут, сүрме, селен және теллурид өндіріледі.