Хабар телеарнасы

Шымкентте сұйытылған газ тапшы

Шымкентте сұйытылған газ тапшы. Салдарынан бекеттердің біразы жабылып, көлік жүргізушілері сенделіп жүр. Бүгін кәсіпкерлік палатасында ішкі нақырты газбен қамтудағы кемшіліктер талқыланды. Салаға сыртқы талдау жасаған Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері энергетика басқармасының жұмысын сынға алып, өңірде тұтынылатын өнім мөлшері ескерілмегенін айтты. Ай сайын аймаққа 6-7 мың тонна автогаз бөлінеді. Алайда сұраныс 10 мың тоннаға жеткен. Сондықтан келесі жылға жаңа жоспар әзірленіп, оны газ таратушы 38 субъектке теңдей бөлу мәселесі қарастырылатын болды.

Санат Құлбаев, қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:

- Шымкент қаласының айлық шығыны 10 мың тонна. Бұл ретте қала аумағына ай сайын қосымша көлемде сұйытылған газ алу қажеттілігін туындатады. Себебі 2024 жылы Шымкент қаласы Энергетика басқармасымен халық саны мен көлік саны бойынша қажет көлемдегі сұйытылған газдың көлемі берілмеген.