Хабар телеарнасы

Хронобиолог: UTC+5 – табиғи ырғаққа жақын уақыт белдеуі

Еліміздегі табиғи ырғаққа жақын уақыт белдеуі 1930 жылы бұзылған. Кеңес үкіметі кезінде «Уақыт декреті» қабылданып, көптеген елдер бір сағат алдыға жылжыған. «Бұл табиғи уақыт ырғағына сай келмейді»,– дейді биология ғылымдарының докторы хронобиолог Сұлтан Төлеуханов. Елімізде бірнеше уақыт белдеуі бар, бірақ соның ішінде күннің шығуы мен батуына UTC+5 белдеуі сай дейді. «Адам күннің шығуымен оянып, күннің батуымен демалуы керек. Себебі түнде адам ағзасында мелотанин, норадреналин және серотанин сынды көптеген гормондар бөлінеді. Ол адам денсаулығы үшін ауадай қажет. Ал шығыс пен батыс өңірлердің тұрғындары жұмыс кестесін өзгертсе болады»,– дейді ғалым Сұлтан Төлеуханов.

Сұлтан Төлеуханов, биология ғылымдарының докторы, хронобиолог:

-Табиғи уақытқа тиіспей, қоғамдық-социалдық көзқараспен шешуге болады. Ол қалай? Міне мысалы айтайық, біз қазір сағат алтыда тұрамыз. Бұрыңғы уақыт ол – жеті. Жаңағы жұмыс беретін кісімен жұмысшылардың арасында бір шартқа келу керек. Жұмысымызды біз сегізде бастайық, жетіде бастайық, есесіне ерте бітеді қараңғы түскенге дейін.