Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысы өтті
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 57-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент Палаталарының төрағалары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев бастап барды. Отырыс кезінде Достастық елдер Парламенттерінің депутаттары сайлау процесін халықаралық байқау институтының демократия мен сайлау мәдениетін дамытудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ палата төрағасы парламенттік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу де өткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының спикері:
- Біз Қазақстандағы билік институттарының сайланбалылығын кеңейтіп жатырмыз. Ауылдық елді мекендердің әкімдерін сайлауды қалыптастырдық. Енді аудан әкімдерін сайлауды қолға алдық.