Хабар телеарнасы

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені шілдеде 14,25%-ға азайтқанымен, бүгін 15,25%-ға дейін көтерді. Бұл туралы Бас банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Енді Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерден депозит пен несиені жаңа базалық ставкамен береді. Бұл жеке тұлғаларға ешқандай әсер етпеді. Тек қана қор биржасындағы заңды тұлғалар қатысты. Одан бөлек Қазақстанда қазан айында жылдық инфляция 8,5%-ға дейін өскен. Жауаптылардың айтуынша, ішкі сұраныс жағдайында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтер бағасының өсуі инфляцияның құбылуына әсер еткен. Дегенмен теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар жұмсалды. Ал сауда-саттық қорытындысы бойынша бүгінде АҚШ доллар бағамы - 513 теңге. 

Тимур Сүлейменов, ҚР ҰБ төрағасы:

-Кейінгі екі күн маңызды рөл атқарған. 28 қарашада биржада сатылған доллар көлемі 700 милионнан асты. Салыстырсақ. 27 қарашада сауда-саттық көлемі 455,5 млн долларды, ал 26 қарашада 203 млн долларды құраған. 16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз. Егер нарықта кенет өзгеріс немесе негізсіз алыпсатарлық орын алмаса, біз интервенцияны жалғастыруды тоқтатамыз.