Хабар телеарнасы

Cу ресурстарын басқару жүйесін реформалауда елеулі қадам жасалды

Қазақстан су ресурстарын басқару жүйесін реформалауда елеулі қадам жасады. Бұл өзгерістер суды тұрақты және тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеру жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Арнайы министрлік құрылғалы бері бұл салада түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған ауқымды жұмыс жүріп, су кодексінің жобасы әзірленді. Биыл ел халқын сапалы тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші қалаларда 99,5%, ал ауылдарда 97,8% болды. Бірқатар өзен-көл толды. Атап айтқанда, Талас және Шу өзендері бойынша көрсеткіштер жақсарып, Шардара су қоймасына өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп су келді.Жалпы елімізде ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты суаруды қамтамасыз ететін 13 мыңнан астам гидротехникалық құрылыс бар. Биыл еліміздің оңтүстік аймақтарындағы суармалы жерлерге 10,9 текше шақырым су жіберілді. 260 бөгет салынып, нығайтылды. Сондай-ақ 15 су қоймасы жаңғыртылып, жаңадан 20-сы салынады.