Уақыт белдеуін ауыстыру туралы жан-жақты зерттеу 1 наурызға дейін жүргізіледі
Парламент пен Үкімет уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді,-деді Президент Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында.
Елімізде енгізілген бірыңғай уақыт белдеуі адам ағзасындағы биологиялық сағатпен сәйкес келеді. Отандық ғалымдар бірқатар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, осындай тұжырымға келген еді. Табиғи уақытпен үндес болу адам денсаулығы үшін пайдалы. Ұйқы бес кезеңге бөлінетін болса, соның ең соңғы бөлігі жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды, - дейді мамандар.
Болат Нұрқожаев, қолданбалы хронобиология маманы:
- Сағаттық белдеулер шекарасы Шығыс Қазақстан облысының шығыс жағында талтүс уақыты 11:30 болатын болса, 75-ші мередианда 12:00-ге, ал бесінші сағаттық белдеудің батыс жағы – Түркістан облысының, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағында 12:30-ға сәйкес келеді. Міне, сол 11:30 бен 12:30-дың арасында біздің талтүсіміз сәйкес келсе, сол нағыз табиғи уақыт болып, белдеулік уақыт болып есептеледі.