Петропавлдағы сауда үйіндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Петропавлда сауда үйінде болған өрттен 7 пәтер бүлінді. Зардап шеккен тұрғындарға жатақханадан орын беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша, тілсіз жаудан 10 сауда бутигі мен бір супермаркет жанып кеткен. Қазір оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала болжам бойынша от электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға болған сауда үйін былтыр сәуір айында тексеріп, 16 ереже бұзу дерегін анықтаған.
Сергей Мелехов, қала әкмінің орынбасары:
- Көпқабатты үйден 68 адам эакуацияланды. Оның 18-і бала. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. Шығынды кінәлі тарап өтейді.