Хабар телеарнасы

Құрылыс саласының «дәрігерлері» саналатын дефектоскопшыларға сұраныс бар

Құрылыс саласының «дәрігерлері» саналатын дефектоскопшылар байқауға түсіп жатыр. Кәсіпорында жабдықтардың ақауын алдын ала анықтайтын бұл мамандық Қазақстанда оқытылмайды. Бірақ өндіріс, құрылыс, көлік және энергетика саласында маңызды рөл атқаратын кәсіби мамандарға сұраныс көп.

Нұрсұлтан Таупық, байқауға қатысушы:

- Тура медиктер сияқты біз ультрадыбыс әдісімен және рентген әдісі, магнит әдістері арқылы ақаулықтарды анықтаймыз. Біріншіден ол адам өмірінің қауіпсіздігі. Яғни өндірістерде кейбір жаман оқиғалар жаман оқиғалар болса, авария болса, оның бәрі ақаулықты уақытымен анықтамағандықтан болады. Екіншіден жаңағы өндірістің тоқтап қалуы. Ол көптеген шығындарға алып келеді. Сол арқылы көптеген уақытты қаражатты үнемдеуге болады.

Әлемдік тәжірибеде бұл мамандықты «бұзбай бақылаушы» деп атайды. Дефектоскопшылардың саны мен сапасының артуына үкіметпен қатар елдегі жетекші өнеркәсіптік компаниялар да мүдделі. Сондықтан қазір оны білім беру мекемелерінде оқыту бағдарламасына енгізудің әдістемесі әзірленіп жатыр. Ал байқауға келсек, ол тек жарыс қана емес, дефектоскопия саласындағы кәсіби шеберді анықтау және жұмысшы мамандықтың беделін арттыруды мақсат еткен іс-шара.