Хабар телеарнасы

Саяси реформалар мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырды

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар тұрақты даму мен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырды. Сондай-ақ азаматтардың ел өміріне белсене қатысуына берік негіз қалады. Бұл туралы бүгін «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» тақырыбындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында болған жиында айтылды. Онда сарапшылар мен Парламент депутаттары, саясаттанушылар және өзге де орган өкілдері бас қосты. Олар соңғы жылдарда атқарылған істер тек елде ғана емес, посткеңестік кеңістікте болған демократиялық өзгерістер екенін атап өтті.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Реформалар басталды. Жаңағыдай ауыл әкімдері, аудан әкімдері, басқа басқа да мысалыға конституциялық сотқа қатысты, петиция болсын бәрібір. Бірақ, оның барлығына біртіндеп-біртіндеп толықтыру, өзгерістер енгізеді. Неге? Өйткені, халықтың жағынан бір ұсыныстар болуы мүмкін, әкімдер тарапынан ұсыныстар болуы мүмкін.   Бізде қандай реформаның нәтижесі бар, нені өзгерту керек, әрі қарай қалай дамимыз, қандай бағытта не өзгертеміз деген сияқты осындай сауалдарды қоя отырып, сарапшылармен соны талқылаймыз.