Сот төрағалары мен судьялары арасында Абай оқуларынан сайыс өтті
Додада билер кеңесінің мүшелері де бақ сынады. Ұлы ойшылдың 175 жылдығына орай өткізілген шарада абайтанушы ғалымдар мен жастар баяндама жасады. Бұл күні сот ісін Абай шығармасына алмастырғандар ақынның қара сөздері мен әндерін орындады. «Абай жазған «Қарамола» ережесі әлі күнге дейін Ата заңымыздың бір бөлшегі іспеттес», – дейді жиналғандар.