«Абай – асыл ойдың данасы» атты көшпелі көрме ұйымдастырылуда
Түпнұсқа Алматыдағы орталық архивтен жеткізілген. Сонымен қатар хакімнің 1904 жылы түскен отбасылық суреттері мен құжаттары да қойылып отыр. «Абай – асыл ойдың данасы» атты көшпелі көрме енді Түркістан облысында ұйымдастырылады.
Сара Мәдиева, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары:
- Алматы қаласындағы орталық мемлекеттік архивтегі әріптестерімізге жүгініп, Абайдың түпнұсқа 8 құжатын алдырдық. Қазіргі таңда мұрағаттағылар сол құжаттармен танысып, қалай жазылғанын көріп, өздерінің біліктілігін арттыруда.