Junior Eurovision 2020: Қарақат Башанованың «Forever» әніне клип түсірілді
Клипті режиссер Мәлік Зәңгір түсірген. Сценариін де өзі жазған.
Бейнебаян арқылы Қарақат өмірден озған әкесіне сағынышын жеткізген. Режиссер бейнеклипте жауынгер, ғарышкер және өрт сөндірушілердің өмірін көрсете отырып, әке мен қыз арасындағы махаббатты суреттейді.
Айта кетейік, байқаудың шешуші кезеңі 29 қарашада өтеді. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты европалық хабар тарату одағы жарысты байқауға қатысушы елдерде телекөпір арқылы өткізуді ұйғарды. Қарақат Башанова әлемдік байқауда 12 елдің жас өренімен сынға түседі. Жеңімпаз қазылар алқасының және көрермендердің онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.
Еске сала кетейік, Қазақстан бұл өнер сайысына биыл үшінші рет қатысқалы отыр.
Junior Eurovision 2020 байқауы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден көре аласыздар: https://jevision.khabar.kz/kz/