А. Жолдыбалина: Қазақстан мен Ресей тарихындағы ақтаңдақтарды ашық талқылап шешуіміз керек
«Оның үстіне жылдар бойы бір жүйенің құрамында болған елдеріміз үшін берік байланыс орнатуға ортақ негіз де бар. Тек арадағы сол байланысқа баға берерде, ғылыми негізге сүйену керек», - дейді сарапшылар.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
- Әр мемлекет өзінің тарихын жазуға, баяндауға мүдделі. Бірақ біздің 70 жылдай ортақ тарихымыз болғандықтан, ортақ тарихты жазу күрделілеу. Сол себептен қоғамда, екі елдің ортасында тарихқа қатысты әртүрлі дискуссия бар, пікірталас бар. Сол тарихтағы ақтаңдақтарды ашық талқылап, ғалымдардың атсалысып, пікір алысуы өте маңызды. Себебі саясаттың төңірегінде немесе халықтың төңірегінде тарихқа деген көзқарас басқаша болады. Ал нағыз тарих ғалымдарының, мамандардың тікелей тарихқа баға беруі – бөлек нәрсе.