Талай шайқаста байрағымызды көкке көтерген Баубек батыр жайлы не білеміз?
Талай шайқаста байрағымызды көкке көтеріп, Кенесары ханның сенімді серігі, елінің ардақтысы болған Баубек батыр жайлы не білеміз?
Баубек Бекмырзаұлы – Кенесары ханның қолбасы, өмір-өлім тайталасқан жорықты жолдарында сенімді серігі болған. 10 жылға ұласқан ұлт-азаттық көтерілісте ерлікте есе жібермей, хан Кенеге адалдығымен, шайқастарда қайсарлығымен көзге түскен.
Қабиболла Шаяхметов, батыр ұрпағы:
- Ол кісіге патша үкіметі де қарсы болды, Кеңес өкіметі де өкінішке орай қарсы болды. Ұрпақтары «біз сол кісінің ұрпағы едік» деп айтуға қорықты. Өйткені анау мәйітінің өзін 132 жылдан кейін ғана тауып тұрмыз ғой.
Расымен, қалың бұқараға қорған болған батырға ақ патша билігі адал болған жоқ. Әр ізін аңдып, соңына түсті. Ақыры Ресейдің Түмен облысына жер аударып тынды.
Қабиболла Шаяхметов, батыр ұрпағы:
- Сонда жолда тоқтап: «Ах!» деп айтты дейді. «Менің топырағым елден бұйырмайды екен» деп мына шынашағын кесіп, бөркіне орап, қасындағы бір жігітті «мынаны мені өлді» деген хабар келгенде елге қойыңдар, менің ұрпақтарыма белгі болсын деген.
Бүгінде батырдың ұрпағы баһадүр бабаның есімін елге танытып жүр. Қарауыл Баубектің өмір жолы мен ерлігін егжей-тегжейлі баяндайтын 4 кітап жарыққа да шыққан. Оның ендігі арманы батырдың келбеті кескінделген еңселі ескерткіш орнату.
Авторлары: Дана Алиева, Бекболат Базаров