Каспий жағалауында көшпелі көрме өтті
«Тарих қалыптастырған төл тұлғалар» атты көрмеде Маңғыстауда туған танымал тұлғалар жайлы архивтік құжаттар мен фотосуреттер топтастырылған. Көпшілік мемлекет және қоғам қайраткерлері – Тобанияз Әлниязұлы, Жалау Мыңбаев, Сайын Шапағатовтың, ғалым Нұн Жұбаевтің және қазақ республикасында балалар ортопедиясының негізін қалаушы Естөре Оразақовтың өмірбаянымен танысты. Көшпелі көрме жаз бойы қаланың көрнекті жерлерінде жалғасады.
Нұрбол Оқуов, қала тұрғыны:
- Жылдар өте қайраткерлеріміздің ешқандай да халық жауы емес екеніне көзіміз жетті. Олар – керісінше осы елдің азаттығы үшін күрескен жарқын тұлғалар. Әсіресе жастардың осы көрмеге келіп, рухани азық алғаны жақсы. Туған өлкенің тарихын білуі үшін мұндай шараларді өткізу ауадай қажет.