«Astana Media Week – 2022» апталығы өз мәресіне жетті
Олар өзара пікір алмасып, шетелдік сарапшылардың, отандық медиа менеджерлердің семинар-тренингтеріне қатысты. Форум аясында баспасөз хатшылары да назардан тыс қалмады. «Жылдың үздік баспасөз қызметі» сыйлығы табысталып, үздік баспасөз хатшыларына «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі берілді. Сонымен қатар кештің қорытындысы ретінде сала мамандарына жыл сайынғы «Үркер» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. «Жылдың үздік репортажы» номинациясы «Айқын» газетінен Анар Қонысқа, әлеуметтік тақырыптағы үздік материал бойынша Наима Нұрәлі, «Жылдың үздік сұхбаты» бойынша Ая Өміртайға және бірқатар жеңімпаздарға «Үркер» сыйлығы табысталды.
Қуаныш Сұлтанұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері:
- Бұл шығармашылық бәсекелестікті тудырады, бұл шығармашылық ізденісті тудырады. «Үркердің» тапсырылуы біздің мемлекетіміздің бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарының кеңістігінде жаңа серпін беріп, ұлттық мүддемізге жұмылуына үлкен ықпал ететініне кәміл сенемін.