Хабар телеарнасы

«Тар кезең» тарихи романының ағылшын тіліндегі таныстырылымы өтті

Жазушының 80 жылдығына орай шығарманың әлем тіліне аударылуына Қазақ ПЕН-клубы мұрындық болған. Алғашқы тарауы 1992 жылы жазылып, соңғы нүктесі 2012 жылы қойылған романда Сырым батыр бейнесі мен сол дәуірдің қайшылықты оқиғалары баяндалады. ХVІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы күрестің басшысы, әрі би, әрі батыр Сырым Датұлы жайлы шығарманың ағылшын тіліне аударылуы – тарихымызды танытудағы әлемге ашылған есік.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Ағамыздың екінші өмірі басталды ғой деп ойлаймыз осымен бірге. Енді сол мәңгілік ғұмыры ұзағынан болсын! Ағамыздың кітаптарын, шығармаларын жата-жастана оқитын буын келе жатыр деп есептейміз. Себебі ағамыз Алаштың мәселесін, қазақтың қасіретін көтерді.