Давид Чарлин Еревандағы байқауға дайындық жұмыстарына кірісіп кетті
Давид Чарлин де Ереванда күн сайын дайындықта. Ол байқауда «Жер-Ана» композициясын орындайды. Халықаралық конкурстың Гранд-финалы 11 желтоқсанда Армения астанасы Ереван қаласында өтеді. Байқау нәтижесі қазылар алқасының бағалауы және көрерменнің онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Давид Чарлинге дауыс беру үшін Junioreurovision.tv сайтына кіріп, тізімнен Давид Чарлинді таңдап, «Дауыс беру» батырмасын басу керек. Дауыс берудің алғашқы кезеңі Астана уақыты бойынша 10 желтоқсан күні сағат түнгі 01:00-ден басталып, 11 желтоқсан күні сағат 20:59-да аяқталады. Екінші кезеңде дауыс беру Астана уақытымен 11 желтоқсан күні барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін 15 минутқа ғана қайта жалғасады.