Хабар телеарнасы

Н.Иманғалиұлының 70 жылдығына орай көрме өтіп жатыр

Нұртілеу Иманғалиұлы әділетсіздікке төзбейтін, өз ойын ашық әрі батыл айтатын жан болған. Ол осындай ерекше болмыс-бітімімен, қайсар мінезімен көрермен есінде қалды.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі: 
- Бүкіл шығармашылығын, ғұмырын, өмірбаянын бейнелейтін арнайы жинақ кітап шығару жөнінде мақсат қойып отырмыз. Алдағы жылдары Нұрекеңнің атындағы ол кісі білесіздер, сегіз қырлы бір сырлы жігіт болған. Бильярд турнирі бола ма, футбол турнирі бола ма, оны да Бейсен Құранбектікі сияқты өткізу ойымызда бар.