Түркістан музыкалық драма театрында «Мағжан» спектаклі қойылды
Жас драматург Алмас Нүсіптің туындысында елі үшін азап шеккен қайраткердің еңбегі мен жанкештілігі бейнеленген. Онда Ұлы ақын әділетсіздікпен, солақай саясаттың қолшоқпарына айналған шолақ белсенділермен күреседі. Қазақ халқының басына түскен нәубетке қабырғасы қайыса отырып, қарсы шығады. Қойылымды Италиялық режиссер Давид Ливермор сахналады. Ал Мағжан бейнесін талантты әртіс Еркебұлан Дайыров сомдады.
Айнұр Көпбасарова, театрдың көркемдік жетекшісі:
-Біз Мағжан Жұмабаевты лирик ақын ретінде ғана білеміз. Оның қоғамдағы ауыртпалық, ашаршылық кезіндегі жылу жинап, қазақ халқының тағдырындағы ең қиын нәубеттің бірінде өзінің қоғам қайраткері екендігін, белсенді жұмысын біз біле бермейміз