Бүгін – әйгілі сатирик Көпен Әмірбектің туған күні
Қағытпа қалжыңның хас шебері көзі тірі болса 73 жасқа толар еді. Дегенмен артында өлмейтұғын сөз қалдырды. Сықақшының әзіл-оспақтарының 5 томдық жинағы жарыққа шықты. «Көпен келе жатыр!..» атты туынды сатириктің өз жазбаларынан бастап, ол туралы жазылған мақалалар, фотосуреттер мен естеліктерге толы. Кітаптың таныстырылымына келген жазушының замандастары оны сағына еске алды.
Баянғали Әлімжанов, жазушы:
- Әзілдері дәл болатын. Нысанасына дөп тиетін. Қысқа-нұсқа болатын. Бұл әзіл-сықақтың мектебінен өткен және соның ішінде қайнап әбден піскен. Оның біраз шығармасы сол Совет заманында жазылған. Енді сол уақытта саяси цензура бар. Соның бәрінен сыналап өткізу, астарлап айтуды әбден меңгерген.