Гейдар Әлиевтің 100 жылдығы ұлықталмақ
Елордада Әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті. Іс-шараға Түркі академиясының президенті, Парламент депутаттары, түрік тілдес елдердің елшілігінің өкілдері қатысты. Жиналғандар, жаңа тарихтағы тәуелсіз Әзербайжан мемлекетінің символы және кемеңгер басшының салиқалы саяси қадамдарын еске алды. Қазіргі Әзербайжан президентінің әкесі Гейдар Әлиевтің өмірі мен қызметі туралы «Ғазиз ғұмыр» деректі фильмі көрсетілді. Ұлы тұлға жайында түрік тілінде дипломатиялық кітап дайындалып жатыр. Осылайша, Қазақстан мен Әзербайжанның өзара сыйластығы арта түспек.
Дархан Қыдырәлі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Біздің тарихымызда тұлғалардың рөлі өте зор. ХХ ғасырдағы Гейдар Әлиев тек қана Әзербайжанның ғана ұлы перзенті емес, түркі халықтарының тұлғасы. Гейдар Әлиев, Каспий сияқты екі елдің ортасында бір дәнекер көпір. Ақпарат саласында Гейдар Әлиевқа байланысты бірнеше шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Шаһин Мустафаев, Түркі академиясының президенті:
-Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжанның жан-жақты байланысы ең жоғарғы деңгейде деп есептеймін. Мейлі экономика болсын, саяси мүдде, тарихымыз бен мәдениеттіміз де тығыз байланыста. Тіл мен дін де негізгі факторлар. Осындай ізгі шаралар әрі қарай сыйластық пен келісімдерді күшейте түседі.