«Менің үйім қайда?» атты отбасылық комедияның түсірілімі басталды
Алматы облысында «Менің үйім қайда?» толықметражды комедиялық фильмінің түсірілімі басталды. Бұл «Тайгер фильмс» продюсерлік компаниясының жаңа жобасы. Басты рөлдерді елімізге танымал әртістер сомдайды. Фильм үш ерлі-зайыптының қарым-қатынасына негізделген. Режиссер бұл туынды арқылы көрерменге қандай ой салмақ? Күлдіремін деп бүлдіріп алмады ма?
Картинаның сюжеті қызықты, бірақ оны авторлар әзірге құпия ұстауды жөн көріп отыр. Шет жағасын айтсақ, фильм кездейсоқ бір үйге қоныстанған бірнеше ерлі-зайыптының өмірі туралы баяндайды. Бір шаңырақ астындағы жандардың шиеленіскен қарым-қатынасы суреттеледі. Себебі олардың бірі алматылық болса, екіншісі ауылдан келген болмысы бөлек, ұстанымы басқа жандар.
Жан Байжанбаев, актёр:
-Фильм қазіргі өмірімізде жиі кездесетін жағдайлар туралы. Өкінішке орай қазір қоғамда алаяқтық, тонау және арбау жиі кездеседі. Мен бірінші рет бұрын жұмыс істемеген актерлармен бірге осы осы фильмге түсіп жатырмын. Нәтижесін алда көретін боламыз.
«Менің үйім қайда?» фильмі бір қарағанда, әдеттегі отбасылық хикая сияқты көрінеді. Бірақ картинаның өзегіне пәтер ұрлығы мәселесі негіз болады. Комедия арқылы өткір проблеманы көрсеткіміз келді», — дейді фильм авторлары. Басты рөлдерді елге танымал әртістер сомдайды.
Мақсат Оспанов, қоюшы-режиссер:
-Көрермендерге ұнайды деген ойдамыз. Қазір енді бұндай оқиға көп қой. Жалпы қысқаша оқиғасы алаяқтар мен алданып қалып жатқан, үй сатып алып жатқан жандар көп. Өткенде осыны түсірейін деп жатқан кезде біреулер ондай жоқ қой дейді. Жоқ, жылына керісінше осындай оқиғаны 20 мың адам осындай оқиғаға ұшырайды екен
Жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарын мамыр айының соңында аяқтау жоспарланған. «Менің үйім қайда?» отбасылық комедиясы жазда Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісінде көрсетіледі.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон