«Әлкей Марғұланның әлемі» атты көрме ашылды
Қазақстан археологиясының негізін қалаған Әлкей Марғұланның туғанына - 120 жыл. Ұлттық архивте «Әлкей Марғұланның әлемі» атты көрме ашылды.
Мұнда құнды мұрағат Жошы хан кесенесі мен Айша бибі мазарының сызбалары да қойылды.Этнографиялық жазбалар, ру таңбалары мен көне дәуірдегі жебе түрлері де көпшіліктің көзайымына айналды.
Тарих үшін бағалы құжаттарды 2012 жылы Әлкей Марғұланның туған қызы Ұлттық архив қорына тапсырған.
Данель Марғұлан, Ә.Марғұланның қызы:
- Әкемнің архиві болды көп мөлшерде. 20 жәшік жинап-жинап бердім оларға. Бәрін тапсырған жоқпын. Олардың бір баспада басылмаған еңбектері бар. Мен 20-25 том болады деп ойлап жүрдім. Біздің алдымызда сондай үлкен жұмыс бар.