Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жолдау: ғалымдардың ұсынысы

  • 8
  • 02.11.2026, 18:42

Ғылым мен өндірісті интеграциялау. Кадр мәселесін шешіп, елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру. Мемлекет басшысы Жолдауында осы тақырыптарға баса назар аударды.

Құрылтай депутаттары Алматыда Жолдауды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұлттық ғылым академиясындағы кездесуге ғалымдар қатысты. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірнеше мәселе көтерілді. Атап айтқанда, ғылымда және басқа да маңызды бағыттарда жас мамандар даярлау. Одан бөлек, еліміздің аграрлық саласы да назардан тыс қалмау керектігі, ондағы қордаланған мәселелердің шешімін табу қажеттігі айтылды.

Шара барысында ғалымдар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Сондай-ақ жиынға Қаржы министрінің орынбасары Әсет Тұрысов қатысып, сала мамандарының ұсыныстары мен ой-пікірлерін тыңдады. Мұндай түсіндірме жұмыстары Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізіледі.

Бақытжан Дүйсембеков, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин» ҒЗИ басқарма төрағасы:

- Біздің алдымызға тек шикізат өндірумен шектелмей, оны терең өңдеу арқылы таза табыс көлемін еселеп арттыру және еліміздің экономикасын дамыту міндеттері қойылды. Сонымен қатар, цифрландыру бағытында да бірқатар тапсырмалар берілді. Әрине, олардың барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Осы бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігі де үлкен жиын өткізіп, әр сала бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.

Мейіржан Отыншиев, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі: 

- Еліміздегі жаңғыру үдерісінде академиктер мен ғылым қызметкерлерінің орны ерекше. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға олардың белсенді атсалысуы маңызды. Әсіресе, Мемлекет басшысы атап өткен суды үнемдеу мәселесі мен аграрлық саланы дамытуда академия мүшелерінің үлесі зор деп есептейміз.