Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жолдау: стратегиялық міндеттер талқыланды

  • 6
  • 02.11.2026, 18:33

Цифрлық экономика, инфрақұрылымды жаңғырту және бюджет қаржысының ашықтығы. Астанада сарапшылар Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылады. Taldau AI Analytics сараптау орталығындағы басқосуда «Халықтық цифрлық экономика» тұжырымдамасы да сөз болды.

Сарапшылардың пікірінше, цифрлық шешімдерді кеңінен қолданса, кәсіпкерлік дамып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады. Ал «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жолдар салынып, жөнделіп, инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандар жаңғыртылмақ. Тиісінше, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мен қоғамдық бақылау тетіктерін күшейтуге да назар аударылды.

Елдос Абақанов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Президенттің ауыл шаруашылығын дамыту, өңірлердегі тұрмыс сапасын жақсартып, оны қалалық деңгейге жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындаудың бір жолы, менің ойымша, жасыл технологияларды енгізу. Яғни күн панельдері мен коллекторлар арқылы тұрғындарды ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады. Келесі мәселе - жер ресурстарын тиімді пайдалану. Біз жер телімдерін ұтымды игеріп, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана білуіміз керек.