Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырады?
Мемлекетаралық авиация комитеті компьютерлік графикамен апаттық сәтті көрсетті. Бейнероликте ұшақтың Алматы әуежайынан ұшып шығып, 6 метр биіктікке көтеріліп, кейін сол қанатына 5 градусқа, одан кейін оң жаққа 19 градусқа күрт ауытқығаны көрсетілген. Әуе апатын тергеу жөніндегі комиссияның төрағасы Қанат Түсіпбеков тергеудің қашан аяқталарын айтпады, бірақ: «Себептері нақтылана түсті», – дейді. Әуелде апаттың 4 себебі айтылған еді. Анықтай келе, әуе кемесіне жүк тиеуде ешқандай норманың бұзылмағаны анықталған.
Виктор Сороченко, мемлекетаралық авиация комитеті бас директоры:
- Мен ұшақ апатының екі ғана себебін көріп отырмын. Олар – қанаттардың зақымдануы, бүлінуі, көтеру қабілеті төмендеуі немесе мұз қату. Комиссия авиациялық оқиға орын алғаннан кейін әуе кемесін қарап шығып, қанаттарының зақымданбағандығын анықтады. Мен тәжірибеме сүйеніп айтарым, мұнан өзге себебін көріп те тұрған жоқпын. Сондықтан біз «ұшақ қанаттарына мұз қатты» деген нұсқаға ең бірінші кезекте мән береміз.