Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам адам жол апатынан көз жұмады
Бұл туралы «Политравманың қарқынды терапиясы» атты конференцияда айтылды. Алдағы уақытта конференцияға Ұлыбритания, Қазақстан, Литва, Ресей, Түркия елдерінен 150-ден астам өкіл қатысады. Іс-шара аясында отандық және шетелдік ғалымдар шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ мамандар жиыннан кейін жарақаты ауыр науқастарға арнайы аппараттармен көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Айдос Қонқаев, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:
- Еңбекке қабілетті адамдар арасында травматизм өлім-жітім саны бойынша бірінші орында тұр. Яғни ол 100 000 тұрғынға шаққанда 14,4% құрайды. Бұл – дамыған елдермен салыстырғанда, 4-5 есеге көп. Сондықтан тақырып өте өзекті. Бізге жол-көлік жарақатын төмендету бойынша барлық шараны қабылдау қажет.