Маңғыстау облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының 3 қызметкері сотталды
Құқық қорғау өкілдеріне қатысты мұндай үкімді Ақтау қалалық соты шығарды. Тергеу материалдарына сүйенсек, олар өткен жылдың қыркүйегінде Toyota Avalon автокөлігін есірткі заттарын тасымалдап келе жатыр деп тоқтатып, жүргізушісіне қысым көрсеткен. Жауапкершіліктен босатылу үшін 5 млн теңге заңсыз пара да талап еткен. Алайда аталған көлікте ешқандай есірткі заты болмаған. Соттың шешімімен, жүргізушіні қорқытып, бопсалаған полицейлер арнаулы сыныптық шендерінен айырылды. Сонымен қатар зардап шегушіге моральдық өтемақы төлейтін болды.
Гүлмаржан Әділсұлтани, Ақтау қалалық сотының судьясы:
- ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-ші тармағымен кінәлі деп танылсын. 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмысты атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленсін.