Қостанай облысында 38 жастағы әйел қылмыстық жауапқа тартылады
Күні кеше WhatsApp мессенджерінде Германиядан Қарабалық ауданына келген отбасының дене қызуымен жергілікті ауруханаға жатқызылды деген дыбыстық хабарлама тарап кеткен. Полицейлер көп ұзамай оның иесін анықтады. Ол Қостанай қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында індет жұқтырған отбасының шетел аспағаны әрі барлық мүшесі аман-сау екені белгілі болды.
Айта кету керек, Денисов ауданында тіркелген осындай факт бойынша тағы бір іс сотқа дейінгі өндірісте жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам әлі іздеуде жүр.
Кенже Қонысбай, ПД баспасөз қызметінің бас маманы:
- Ол ҚР ҚК 274-бабы II тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Яғни бұл заң 3 мың АЕК және 800 сағатқа қоғамдық жұмысқа салынуды немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруды көздейді.