Шымкентте Арыс қаласындағы жарылысқа қатысты сот отырысы өтті
Олар – сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу, оқ-дәрі пайдалану мен оны сақтау талаптарын бұзу. Салғырттық танытқан офицерлерді 25 адвокат қорғамақ. Процеске 1500-ге жуық азамат жәбірленуші ретінде шақыртылған. Алайда олардың дені алғашқы сот отырысына қатыса алмады. Анығын айтқанда, әскерилерді ішке кіргізбей қойған. Жарылыстың болғанына бір жыл өтсе де, бірқатар кәсіпкер қираған нысандарын қалпына келтіре алмай жүргендерін айтады. Ал 448 томнан тұратын істің қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз? Айта кетейік, Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс былтыр 24 маусымда болған еді.
Мұхамеджан Сапарханов, кәсіпкер, Арыс қаласының тұрғыны:
- Қазіргі уақытқа дейін 63 кәсіпкердің ғимараты қирап жатыр. Солардың бірі менде де тұр. Қирап, жарамсыз қалған. Бір тиын ақша алмаған. Қанша уақыт жүреміз енді? Айналып, сот аралап кеттік.