Алматыда 38 млн теңгенің бетпердесі тәркіленді
Ұсталғандардың барлығы бұрын ауыр қылмыс жасап, сотталған азаматтар екен. Сонымен бірге олардың діни ағым жақтаушылары екені анықталды. Азаматтар медициналық маскаларды отандық дәріханаларға жеткізуі тиіс кәсіпкерлерден бопсалау және алдау арқылы алған. Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі қолға түсіп, тергеу изоляторына қамалды.
Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Қылмыстық жолмен табылған ақшаның барлығын азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне жаратқан. Негізі қымбат, бағалы киім киіп, содан соң қымбат мейрамханаларда көңіл көтерумен айналысқан екен. Қазіргі таңда олардың іс-әрекеттерне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады. Қылмыскерлер уақытша қамау изоляторына оқшауланды.