Қонаевта «Вандализмге жол жоқ» акциясы өтті

  • 3
  • 15.10.2026, 19:17

Қонаевта «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Вандализмге жол жоқ» акциясы өтті. «Әділет» партиясының мүшелері Абай Құнанбайұлы мен Бердібек Соқпақбаев ескерткіші және Жеңіс саябағының аумағын ретке келтірді. Белсенділердің айтуынша, тұрғындар ескерткіштерді маркермен бояп бүлдіреді. «Ал бүгінгідей игі істер жастардың  мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді»,- деді акцияға қатысушылар. Қала жастары бұған дейін Көшпенділер қалашығы мен Тамғалы тас петроглифтер кешенінде тазалық жұмыстарын жүргізген. 50-ден астам граффити мен түрлі жазуды өшірген болатын. Аталған аумақтан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Меруерт Тілек, «Әділет» партиясы жастар қанатының мүшесі:

«Вандализмге жол жоқ» акциясы - «Әділет» партиясымен бастау алған маңызды бастамалардың бірі. Оны осы әрдайым Қонаев қаласында «Әділет» партиясының Жастар қанаты жүзеге асыруда. Қазір Бердібек Соқпақбаев саябағында біздің белсенділер тазалық жұмыстарын жасауда. Ол осы жасөспірімдерді, жастарды, мектеп оқушыларын, студенттерді қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға арналған акциялардың бірі.